Әзербайжан мен армян өкілдері арасында екінші кездесу басталды
Әзербайжан өкілдері мен Қарабахтағы армян халқының өкілдері арасындағы екінші кездесу басталды.
Әзербайжанның Қарабах аймағының Ходжалы қаласында Әзербайжан өкілдері мен Қарабахтағы армян халқының өкілдері арасындағы екінші кездесу басталды.
Әзербайжан президенттігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда кездесуге Әзербайжан тарапынан Қарабах аймағында тұратын армяндармен байланысқа жауапты Рамин Мамедов қатысуда.
Әзербайжан армиясының 19 қыркүйекте Қарабахта 24 сағатқа созылған лаңкестікпен күрес операциясынан кейін армян қарулы топтары берілген және Армения халқы мен Әзербайжан өкілдері арасында диалог процесі басталған еді.
Операциядан кейін Әзербайжан өкілдері мен Қарабахтағы армян халқының өкілдері 21 қыркүйекте Әзербайжанның Евла қаласында бас қосып, алғашқы кездесулерін өткізген болатын.
Сондай-ақ екінші кездесудің де қысқа мерзімде өткізу туралы келісілген еді.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған мен Әлиев Анкарада бас қосты
Кездесуде Израильдің Газа секторына жасаған қырғынынан бастап көптеген тақырып талқыланды.
Ильхам Әлиев Түркияға жұмыс сапарымен келді
Ильхам Әлиев президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен бүгін Түркияға жұмыс сапарымен келді.