Ильхам Әлиев Түркияға жұмыс сапарымен келді

Ильхам Әлиев президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен бүгін Түркияға жұмыс сапарымен келді.

2150633
Ильхам Әлиев Түркияға жұмыс сапарымен келді

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен бүгін Түркияға жұмыс сапарымен келді.

Әлиевтің сапарына байланысты Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Әзербайжан президенті Әлиевтің президент Ердоғанның шақыруына орай бүгін Түркияға жұмыс сапарымен келгені атап көрсетіліп, «Анкарада өткен келіссөздер барысында Түркия мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастар барлық салада қарастырылы. Ынтымақтастықты одан әрі тереңдету үшін жасалуы мүмкін қадамдар талқыланды» делінді.

Мәлімдемеде кездесулерде аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша пікір алмасқаны да айтылды.



Ұқсас жаңалықтар