Ердоған мен Әлиев Анкарада бас қосты

Кездесуде Израильдің Газа секторына жасаған қырғынынан бастап көптеген тақырып талқыланды.

2151411
Ердоған мен Әлиев Анкарада бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Анкарада бас қосты.

Кездесуде Израильдің Газа секторына жасаған қырғыны, басқыншылардан азат етілген Әзербайжан жерлеріндегі құрылыс жұмыстары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған мен Әлиев кеше бас қала Анкарадағы Президенттік сарайда бас қосты.

Бас қосуда президент Ердоған Түркияның Қарабахтағы Ресей Бейбітшілік күштерінің аймақтан кетуіне байланысты процесті қадағалап отырғанын және армян басқыншылығынан азат етілген Әзербайжан жеріндегі құрылыс жұмыстары, аймақтық және жаһандық тақырыптар талқыланды.

Палестина жерлерінде әсіресе Газа секторында Израильдің «геноцид» әрекеттерінің жалғасып жатқанын, Израильдің бұл қылмыстармен тек аймақтық қауіпсіздік емес, жаһандық қауіпсіздікке де қауіп төндіретінін атап көрсеткен Ердоған тұрақты шешімнің бас қаласы Иерусалимнің шығысы болатын Палестина мемлекетінің құрылуы екенін және бұл үшін халықаралық қауымдастықтың Израильге қысым жасау керектігіне назар аударды.

Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінде Солтүстік Кипр Түрік Республикасымен (СКТР) Парламентаралық достық тобының құрылуы туралы шешімнің қуантарлық жаңалық екенін атап көрсеткен президент Ердоған шілде айында Шуша қаласында өтетін Түрік мемлекеттері ұйымы саммитіне СКТР президенті Эрсин Татардың шақырылуының Кипр күресіне күш қосатынын атап көрсетті.

Әзербайжанда өтетін Климат саммитіне шақырғаны үшін Әлиевке ризашылығын білдірген Ердоған дайындық барысында Түркияның әр түрлі қолдауды көрсететінін білдірді.

Ердоған саммитте жұбайы Эмине Ердоғанның қамқорлығымен жүзеге асырылған «Нөлдік қалдық жобасы» аясында маңызды іс-шаралар өткізілетінін де білдірді.



Ұқсас жаңалықтар