Қазақстанда су тасқыны барлық аймақта тоқталды

Мәлімдемеде қазіргі таңда ел бойынша бөгеттердегі су толтыру деңгейі 87,8 пайыз бен 100 пайыз аралығында екені атап өтілді.

2150072
Қазақстанда су тасқыны  барлық аймақта тоқталды

Қуанышты хабарды Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.

Министрліктен жасалған мәлімдемеде елде ықпалды болған су тасқынының барлық аймақтарда тоқтағаны хабарланды.

Мәлімдемеде су тасқыны кезінде су қоймаларында жиналған су ресурстарының ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында пайдаланылатыны айтылды.

Мәлімдемеде қазіргі таңда ел бойынша бөгеттердегі су толтыру деңгейі 87,8 пайыз бен 100 пайыз аралығында екені атап өтіліп, барлық су қоймалары қалыпты режимде жұмыс істеп жатқаны айтылды.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов министрлік пен сала қызметкерлеріне су апаты кезіндегі адал еңбектері үшін алғыс айтты.

Министрліктің мәлімдемесінде саланы ынталандыру мақсатында қызметкерлердің жалақысы шамамен 25 пайызға көтерілгені айтылды.



Ұқсас жаңалықтар