Әзербайжан гуманитарлық көмек жолдады
Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігі дайындаған гуманитарлық көмекті тиеген 2 тіркеме мен 2 жүк көлігі Агдам қаласына жол тартты.
Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігі Қарабахтағы армяндардың шұғыл қажеттіліктерін өтеу үшін жіберген гуманитарлық көмек материалдарын тасымалдаған көліктері аймаққа жол тартты.
Әзербайжанның Евлах қаласында кеше Әзербайжан ресмилері мен Қарабахтағы армян халқының өкілдері арасында өткен кездесуде гуманитарлық көмек мәселесі де күн тәртібінде болды.
Армян халқының өкілдері Әзербайжаннан армяндардың аймақтағы шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыруды сұрады. Осы сұранысқа орай Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігі дайындаған гуманитарлық көмекті тиеген 2 тіркеме мен 2 жүк көлігі Агдам қаласына жол тартты.
40 тонна азық-түлік пен тазалық өнімдері және нан тиелген көліктер Агдам арқылы өтіп, армян халқы тұратын Ханкенди қаласына жетеді және көмек аймақтағы мұқтаж жандарға таратылады.
Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігінің Қарабах аймақтық директоры Мирали Фейзивей Қарабахтағы армян халқының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін гуманитарлық көмекті жалғастыратындарын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған мен Әлиев Анкарада бас қосты
Кездесуде Израильдің Газа секторына жасаған қырғынынан бастап көптеген тақырып талқыланды.
Ильхам Әлиев Түркияға жұмыс сапарымен келді
Ильхам Әлиев президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен бүгін Түркияға жұмыс сапарымен келді.