Армяндар жасаған қырғын ұмытылмайды

«31 наурыз Бүкіләлемдік Әзірбайжан геноцид күніне» орай Еуропа Одағының бас қаласы Брюссельде де шеру ұйымдастырылды.

288913
Армяндар жасаған қырғын ұмытылмайды

Армяндар жасаған қырғын ұмытылмайды.


«31 наурыз Бүкіләлемдік Әзірбайжан геноцид күніне» орай Еуропа Одағының бас қаласы Брюссельде де шеру ұйымдастырылды.


Еуропаның түрлі қаласынан келген түріктер «Ходжалыға әділет» және «Еуропа, нағыз геноцидті таны» деп ұран тастады.


Әзірбайжан, Түркия және Шығыс Түркістан байрақтары Еуропаның орталығында бірге желбіреді.


Әзірбайжанда және Түркияның шығысында жүргізілген армян қырғынын еске алушылар Еуропа парламентінің қасындағы Люксембург алаңында бас қосты. Шеруге қатысқандар Арменияның Әзірбайжан түріктеріне жүргізген геноцидін еске салды.


Шерушілер баспасөз мәлімдемесін оқығаннан кейін, шеруді жалғастырды.


Армения өкілетті елшілігі алдына келген топ осында да «Бүкіл дүние жүзі 31 наурыз геноцидін танысын. Армяндар жерімізден кетсін біз әділет пен құқық талап етеміз» деді.


Осы топ Еуропа парламентіне берілген хаттың бір нұсқасын Армения елшілігіне тапсырды. Аталмыш хатта Армения басып алып отырған жерлерден кетуі, босқын мәртебесіндегі 1 миллионнан астам әзірбайжандықтың өз отандарына оралуы, Ходжалы қырғынының ресми түрде танылуы және Түркияға бағытталған айыптаулардан бас тарту талаптары орын алды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар