«Кавказ қыраны-2024» бірлескен әскери жаттығуы аяқталды

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі 4 маусым күні басталған жаттығудың сәтті түрде аяқталғанын жариялады.

2152112
«Кавказ қыраны-2024» бірлескен әскери жаттығуы аяқталды

Түркия, Әзербайжан және Грузия арнайы жасақтарының Әзербайжанда ұйымдастырған «Кавказ қыраны-2024» бірлескен әскери жаттығуы аяқталды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде 4 маусым күні басталған оқу-жаттығудың сәтті аяқталғаны хабарланды.

Әскери ұшақ, тікұшақ және пилотсыз әуе көліктері қолданылған оқу-жаттығудың сценарийі бойынша белгіленген дұшпан нысаналарына кенеттен шабуыл жасау, нысаналарды жою, лаңкестік топтарды залалсыздандыру сияқты міндеттер орындалды.



Ұқсас жаңалықтар