Әзербайжан Украинаға 40 миллион долларлық гуманитарлық көмек көрсетті

Джейхун Байрамов соғыс кезінде Украинаға 40 миллион долларлық гуманитарлық көмек көрсеткендерін білдірді.

2151771
Әзербайжан Украинаға 40 миллион долларлық гуманитарлық көмек көрсетті

Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов соғыс кезінде Украинаға 40 миллион долларлық гуманитарлық көмек көрсеткендерін білдірді.

Джейхун Байрамов Германияның астанасы Берлинде өткен «2024 Украинаны жақсарту конференциясында» сөз сөйледі.

Әзербайжанның Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын әрдайым қолдағанын айтқан Байрамов (Ресеймен 2022 жылдан бері жалғасып келе жатқан) қақтығыстың тоқтатылуын және мәселенің халықаралық құқық нормаларына негізделген дипломатиялық жолмен шешілуін жақтайтындарын білдірді.

Байрамов Әзербайжанның Украинаға гуманитарлық қолдау көрсеткен алғашқы елдердің бірі екенін түсіндіріп «Әзербайжан Украинаға дәрі-дәрмек, азық-түлік және электр генераторларымен бірге 40 миллион долларлық гуманитарлық көмек көрсетті» деді.



Ұқсас жаңалықтар