Әзербайжан-Армения шекарасында қақтығыс болды

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі тақырыпқа қатысты мәлімдеме жасады.

2152833
Әзербайжан-Армения шекарасында қақтығыс болды

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения армиясына қарасты әскери бөлімшелердің Нахчыван Автономиялық Республикасындағы Әзербайжан бекіністеріне оқ жаудырғанын хабарлады.

Министрлік жасаған мәлімдемеде кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 10.05 пен 17.50 арасында армян әскерлерінің Нахчыван Автономиялық Республикасының Шерур қаласының Хавуш, Ордубат қаласының Нүргүт және Шахбуз қаласының Гүней Кышлак ауылдары бағытындағы бекіністерге оқ жаудырғаны хабарланды.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 19.50-де Бабек қаласының Юкары Бузгов ауылы бағытындағы бекіністерге оқ атылғаны атап көрсетілген мәлімдемеде Әзербайжан армиясының да атысқа жауап қайтарғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар