20 қаңтар – Әзірбайжанның әрі қайғылы күні, әрі даңқты күні

1990 жылдың 20 қаңтар күні таңда ауыр қарулармен жабдықталған Кеңес Одағы әскерлері Баку қаласына кірді.

190410
20 қаңтар – Әзірбайжанның әрі қайғылы күні, әрі даңқты күні

20 қаңтар – Әзірбайжанның әрі қайғылы күні, әрі даңқты күні.


Осыдан 25 жыл бұрын кеңес Одағының қарусыз және жазықсыз 130-дан астам әзірбайжандықты қырып салуы еш ұмытылмады.


1990 жылдың 20 қаңтар күні таңда ауыр қарулармен жабдықталған Кеңес Одағы әскерлері Баку қаласына кірді.


Мақсат Қарабахта болып жатқан армян зұлымдығына қарсы шыққан және тәуелсіздік талап етіп алаңдарды толтырған әзірбайжандықтарды тарату болатын.


Сонымен бірге Кеңес Одағы құрамындағы басқа республикаларға да құқай көрсету.


Кеңес Одағы әскерлері сол күні қария-жас, әйел-еркек деп қарамай алдына шыққанды езді. Бірнеше сағат ішінде 130-дан астам азамат шәйіт болды. Жүздеген адам жараланды.


ҚырғынӘзірбайжан халқының тәуелсіздікке деген арманын жоя алмады.


Әзірбайжандықтар шәйіттерін еш ұмытпады. Сол күннен кейін Кеңес Одағының құлау үдерісі жылдамдады. Әзірбайжан бір жылдан кейін тәуелсіздігіне қауышты.


20 қаңтар күні әзірбайжандықтар үшін әрі қайғылы, әрі мақтан тұтарлық күн ретінде еш ұмытылмады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар