Бакуде Білім фестивалі

Білім фестивалі Бакуде алғаш рет өткізілді.

187876
Бакуде Білім фестивалі

Әзірбайжанның астанасы Баку елде алғаш рет ұйымдастырылған Білім фестиваліне мекен болуда. 

Әзірбайжан Ұлттық ғылымдар академиясы және Білім беру министрлігінің ұйытқы болуымен басталған фестивальде академияға қарасты институттар мен министрлікке қарасты университеттер, лицей мен мектептердегі ғылыми жұмыстар таныстырылды.


Фестиваль аясында робот технологиясы, балама энергия көздері, физика, химия, биология, егіншілік, медицина білімі, ғарыш, геология сынды салаларда жүргізілген сынақ пен қойылымдар көрсетілді. Әзірбайжан тарихы, археологиясы және антропологиясына байланысты көрмелер ашылып, баяндамалар оқылды.


Әлеуметтік білімдер саласында жұмыс істейтін институттар да таныстырылған фестивальде Қолжазбалар институтының дәстүрлі эбру өнері мен түрік мұқаба өнері де назар аударды.


Фестиваль барысында астрономия, нанотехнология, робот технологиясы, балама энергия көздері, білім тарихы, археология, ядролық энергия сынды тақырыптарда жұмыстар атқарылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар