Әзірбайжанда «Инвестиция және энергия» атты конференция

Бакудегі конференцияда энергия қауіпсіздігі мен ынтымақтастық тақырыптары қолға алынды.

172781
Әзірбайжанда «Инвестиция және энергия» атты конференция

Әзірбайжан энергия саласында маңызды конференцияға мекен болды.


Энергия реттеушілері аймақтық одағы тарапынан Бакуде ұйымдастырылған конференцияға қырық елден 250ден астам энергия маманы қатысты.


Конференцияда энергия қауіпсіздігі, жаңаланатын энергия және одаққа мүше елдер арасындағы ынтымақтастықтың жетілдірілуі тақырыптары қолға алынды.


Әзірбайжан Экономика және өркендеу министрінің орынбасары Ниязи Сеферов та соңғы кезде жүзеге асырылған алпауыт энергия жобаларымен Еуропаның энергия картасының өзгеретінін атап көрсетті.


Сеферов аймақтық энергия қауіпсіздігіне бағытталған жалғыз қауіп қатердің Арменияның басқыншы саясаты екенін білдірді.


Грузия Энергия министрінің орынбасары Мариям Валишвили болса Әзірбайжан, Грузия және Түркияның энергия саласындағы ықпалдастығының Еуропаның энергия қауіпсіздігі үшін де маңызды екенін айтты.

Конференция аясында Батыс Африка мемлекеттері Экономикалық қоғамдастық аймақтық энергия реттеу мекемесі мен Түркияның Энергия нарығын реттеу мекемесі арасында келісім хаттамасына қол қойылды.


Келісім хаттамасы электр қуаты инфрақұрылымының жетілдірілуінде ынтымақтастықты көздейді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар