Әзірбайжанда Формула-1

Әзірбайжанның астанасы Бакуде өтетін Формула-1 Әзірбайжан Гран присінің маршруты белгілі болды.

151072
Әзірбайжанда Формула-1

Формула-1-дің басшысы Берни Экклстоун мен Әзірбайжан Жастар және спорт министрі Азад Рехимов баспасөз мәслихатын өткізіп, Баку көшелерінде өтетін жарыстың маршрутын таныстырды.


Бакудің атақты Азаттық алаңынан басталатын жарыста Каспий теңізінің жағасындағы даңғылдан өтетін көліктер тарихи Ичеришехирді айналып өтеді және соңында тағы Азаттық алаңындағы мәреге келіп жетеді.


Шамамен 6 км жол жүретін көліктер сағатына орташа 208 километр жылдамдықпен өтеді.


Жарыс көліктерінің жылдамдығы тегіс жерлерде 340 километрге жетеді.


«Керемет жарысқа мекен боламыз» деген министр Рехимов Бакудің соңғы жылдары әлемнің және Еуропаның спорттық астанасына айналғанын атап айтты.


Әзірбайжанның астанасы Бакуде кейбір тарихи көшелердің тас екенін еске салған министр осында жолдарды уақытша құммен және бетонмен жабатындарын, тарихи мекендерге зиян келтірмейтіндерін атап көрсетті.


Формула 1-дің басшысы Берни Экклстоун болса Бакудегі жарыстың проблемасыз өтетіне сенетінін айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар