Қарабахта Түрік байрағы желбіреді
Әзербайжан әскері: "Түркияның құрметіне Түрік байрағын Әзербайжан байрағымен бірге желбіретеміз. Қарабах Әзербайжанға тән" деді.
Әзербайжан әскерлері таулы Қарабах аспанында Түрік байрағын желбіретті.
Әзербайжан мен Армения арасында қол қойылған келісімге сай Арменияның босатқан аймақтарына Әзербайжан армиясы орналасуда.
Әлеуметтік желіде бөлісілген көріністерде Қарабахта тұратын Әзербайжан әскерлері осы жерге Түрік байрағын ілген.
Көріністерде Түрік байрағын ілген бір әскер:
"Қарабахты құтқаруда бізге жақын қолдаушы болған бауырласымыз, бір ел, екі ұлт болған Түркияның құрметіне Түрік байрағын Әзербайжан байрағымен бірге желбіретеміз. Қарабах Әзербайжанға тән" деді.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған мен Әлиев Анкарада бас қосты
Кездесуде Израильдің Газа секторына жасаған қырғынынан бастап көптеген тақырып талқыланды.
Ильхам Әлиев Түркияға жұмыс сапарымен келді
Ильхам Әлиев президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен бүгін Түркияға жұмыс сапарымен келді.