Әзербайжан тағы 8 ауылды құтқарды
Әзербайжан армиясы 4 қала орталығын, 3 қалашықты, 190 ауылды және кейбір маңызды төбелерді Арменияның жаулап алуынан құтқарды.
1520391
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан армиясының тағы 8 ауылды Арменияның жаулап алуынан құтқарғанын хабарлады.
Әлиев әлеуметтік желі Твиттерден жасаған мәлімдемесінде:
"Жеңімпаз Әзербайжан армиясы Джебраилдің Чапранд, Хажы Исаклы қатарлы 8 ауылын жаулап алудан құтқарды. Әзербайжан армиясы жасасын! Қарабах Әзербайжанға тән" деді.
Әзербайжан армиясы Таулы Қарабахта 27 қыркүйекте бастаған операцияда 4 қала орталығын, 3 қалашықты, 190 ауылды және кейбір маңызды төбелерді Арменияның жаулап алуынан құтқарды.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған мен Әлиев Анкарада бас қосты
Кездесуде Израильдің Газа секторына жасаған қырғынынан бастап көптеген тақырып талқыланды.