БАӘ Бас штаб басқармасы төрағасы Анкарада

Бас штаб басқармасы төрағасы БАӘ-лік әріптесін әскери рәсіммен қарсы алды.

2144795
БАӘ Бас штаб басқармасы төрағасы Анкарада

Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Метин Гүрак Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Бас штаб басқармасы төрағасы генерал-лейтенант Иса Сейф ибн-Эблан әл-Мазруимен бас қосты.

Гүрак ресми қонақ ретінде бас қала Анкараға келген генерал-лейтенант әл-Мазруиді Бас штаб басқармасында әскери рәсіммен қарсы алды.

Рәсімнен кейін бас штаб төрағалары баспасөзге жабық түрде оңаша және делегация аралық кездесу өткізді.



Ұқсас жаңалықтар