Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды

Президент Режеп Тайып Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды.

2153195
Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды
g7 erdogan-kral guterres.jpg
erdogan-biden.jpg
g7 erdogan lula da silva.jpg
erdogan g7 italya.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Үлкен жетілік көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Италияның Бриндизи қаласына барды.

Президент Ердоғанды Бриндизи әуежайында Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Түркияның Италиядаңы өкілетті және төтенше  елшісі Өмер Гүчлюк, Түркияның Ватикандағы елшісі Уфук Улуташ, Рим және Ватикан елшіліктерінің өкілдері қарсы алды.

Ердоғанмен бірге жұбайы Эмине Ердоған, Президенттің Сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі бас кеңесшісі, елші Акиф Чагатай Кылыч және Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасының орынбасары  Чагатай Өздемир де Италияға келді.

Италия премьер-министрі Джорджия Мелони саммитке келген көшбасшыларды бірінен соң бірін қарсы алды.

Президент Ердоған Мелонимен қол алысып, баспасөз өкілдерімен бірге  суретке түсті.



Ұқсас жаңалықтар