Терроризммен күрес табанды түрде жалғасады

Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер «Шекарада жасаған сәтті операцияларымызбен террор ұйымына ауыр соққылар бердік» деді.

2153602
Терроризммен күрес табанды түрде жалғасады

Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер «Шекарада жасаған сәтті операцияларымызбен террор ұйымына ауыр соққылар беріп, ұйымның ұтқырлығын жойылу шегіне жеткіздік» деді.

Гүлер кеше Түрік Қарулы Күштерінің ішкі және шетелдегі қолбасшылық бөлімше командирлерімен бейнеконференция отырысын өткізді.

Гүлер әсіресе Ирактың солтүстігін PKK/KCK террор ұйымы мен жақтастары жылдар бойы Түркияға қарсы әрекеттер үшін пайдаланғанын және бұл жердің «террордың қайнар көзі» екенін білдірді.

Гүлер «Шекарада жүргізген сәтті операцияларымызбен лаңкестік ұйымға ауыр соққылар бердік және  ұйымның ұтқырлығын жойылу деңгейіне дейін жеткізген бұл жерде ең үлкен үлесті сүйікті шейіттеріміз, ардагерлеріміз және батыр ұландарымыз қосты» деді. .

Гүлер терроризм дертін ұлттың күн тәртібінен толығымен алып тастауды мақсат еткендерін және Иракпен соңғы уақытта жасалған ынтымақтастықтың арқасында терроризммен күрестің тиімділігі мен қарқынының одан әрі арта түсетінін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар