Ердоған мемлекет  басшыларын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған ел басшыларын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

2153518
Ердоған мемлекет  басшыларын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Президент Ердоған Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) президенті Мұхаммед бин Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда президент Ердоған БАӘ президенті Әл Нахаянмен кездесуінде қан мен көз жасы төгіліп жатқан Палестина жерінде бейбітшілік пен тыныштық тілегінін білдірді.

Ердоған  әңігмеде Әл Нахаян және  барша БАӘ халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Президент Ердоған Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салман бин Абдулазиз Әл Саудпен де телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған ханзада Салманмен әңігме барысында  Ислам әлемінің бірлігінің қазіргі қиын кезеңде маңызды екенін атап өтіп, Сауд Арабиясын 1000 адамды қабылдау шешімімен құттықтады.

Әңгімеде  Ердоған Салман мен барша Сауд Арабия халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Ердоған Ирак президенті Абдуллатиф Рашидпен де телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік коммуникациялар басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда президент Ердоған Решидпен сөйлескенде  Ислам әлемінің ең ерекше күндерінің бірі болған Құрбан мерекесінің мереке ретінде өткізілуін Ислам әлеміне, әсіресе Палестина жерлеріне бақыт пен молшылық және бейбітшілік әкелетінін тіледі.

Әңгімеде Ердоған ирактық әріптесі және барша Ирак халқын айт мерекесімен құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар