Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Брюссельде

Жиында министр Гүлер жиналыс залында АҚШ-тық әріптесі Ллойд Остинмен қысқаша сөйлесті.

2153028
Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Брюссельде

Бельгияның бас қаласы Брюссельдегі НАТО штаб-пәтерінде ұйымдастырылған жиынға Түркия атынан Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер қатысты.

Жиында министр Гүлер жиналыс залында АҚШ-тық әріптесі Ллойд Остинмен қысқаша сөйлесті.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг ашылу сөзінде «Азанғы отысымыз келесі айда Америка Құрама Штаттарының бас қаласы Вашингтонда ұйымдастырылатын НАТО көшбасшылар саммитіне дайындалып жатқанда, тосқауыл қою және қорғаныс күн тәртібімізге назар аударады. Қорғаныс жоспарларымыздың берік және іске асыруға дайын болуын қамтамасыз етудегі жетістіктерімізді талқылайтын боламыз. Біз өз қорғанысымыз үшін маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін және Украинаны қолдауды жалғастыру үшін қорғаныс өнеркәсібінің өндірісін талқылаймыз» деді.

НАТО Бас хатшысы Вашингтон саммитінде НАТО-ның Украинаға қауіпсіздік жәрдемі мен жаттығу жоспарын да аяқтайтындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар