Фахреттин Алтун мәлімдеме жасады

Фахреттин Алтун Түркияның гуманитарлық жауапкершілікпен көптеген елге қолдау бергенін атап көрсетті.

1405213
Фахреттин Алтун мәлімдеме жасады

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Түркияның жаңа тип коронавирус эпидемиясы тараған бұл қиын кезеңде гуманитарлық жауапкершілікпен көптеген ел мен одақтасына қолдау бергенін атап көрсетті.

Алтун твиттер парақшасынан ағылшын тілде жасаған мәлімдемеде Түркияның қажетті барлық медициналық материалдардың өндірісі үшін ортаға қойған талпыныстың жемісін бере бастағанына назар аударды.

«Сахра» атты ұлттық тыныс алу аппаратының жаппай өндірісінің жақында басталатынын жеткізген Алтун Түркияның сырттан медициналық материал қамтамасыз етуге мұқтаж емес екенін атап көрсетті.

Фахреттин Алтун бүкіл әлемде 54 елге диагноз жиһазы, қолқап және маска сияқты медициналық материалдар жолдаған Түркияның бұл қиын уақытта гуманитарлық жауапкершілікпен көптеген ел мен одақтасына қолдау бергенін білдірді.

Мұсылман әлемінің Оразаны қауіпсіз, мықты денсаулық және бақытты өткізуін тілеген Алтун «Әлемнің түкпір-түкпіріндегі бауырларымыз ұмытпасын! Түркия әрдайым оларды жалғыз қалдырмайды. Ораза айдың соңынан бастап, өмірді қалпына келтіру процесін жоспарлап отырғанда, Ораза айтты одан саулықты және жақсы қарсы алуды үміт етеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар