4 күнде 44 мың адам

Ел-жұртын тастап шыққандар саны 328 мыңнан асты.

1334171
4 күнде 44 мың адам

Түркия шекарасына соңғы төрт күнде 44 мың адам көшіп келді. Олар - Сирияның Идлиб қаласында Ресей ұшақтары және Башар Асад күштерінің шабуылдарынан қашқандар.

Өткен жылдың қараша айынан бері ел-жұртын тастап шыққандар саны 328 мыңнан асты.

Шабуылдар қайтадан асқынғаннан кейін Идлибтің оңтүстігіндегі Жебел әз Зевие аймағында да көш басталды.  Осылайша тағы 250 мың адамның ел-жұртынан айрылатыны айтылды.

Идлибтегі лагерьлер толды,  жаңа шатыр құратын алаңдарда инфрақұрылым болмағандықтан және көмек материалдары азайғандықтан мыңдаған адам паналайтын жер таба алмай отыр.


Этикеттер: #көш , #Идлиб , #Түркия

Ұқсас жаңалықтар