Түркия Понти әкімшілігіне наразылық көрсетті

Шетелдік фирмаларға Түркияның құрлықтық шельфінде рұқсатсыз көмірсутек іздей алмайтыны ескертілді.

543697
Түркия Понти әкімшілігіне наразылық көрсетті

Түркия шетелдік фирмалардың су айдынында көмірсутек іздеу және шығару жұмыстарының мүмкін емес екенін білдірді.

Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігі 27 шілде күні кейбір алаңдар үшін ашқан көмірсутек іздеу тендері аясында ұсыныс берген фирмаларды жариялаған болатын.

Бірақ Понти әкімшілігі жариялаған аймақтардың кейбіреулері Түркияның құрлықтық шельфінде орын алатын.

Түркия Понти әкімшілігіне қатаң наразылық көрсетті.

Сыртқы істер министрлігі әрі Понти әкімшілігі, әрі көмірсутек іздестіру фирмалары мен елдеріне ескерту жасап, «Түркияның құрлықтық шельфінде құқық пен мүддесін қорғайтын әртүрлі шараны қабылдаймыз» деді.

Министрліктен жасалған мәлімдемеде Кипрда шешімге бағытталған келіссөздерде аралдың табиғи резервтерінің келісім жасалған жағдайда федералдық үкіметтің жауапкершілігінде болатыны жөнінде келісім бар екенін еске салып, Понти әкімшілігінің аралдың жалғыз иесі сияқты қозғалуының уайымдарды арттырғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар