Есірткімен күрес күні атап өтілді

террор ұйымының аты есірткімен бірге аталады.

518844
Есірткімен күрес күні атап өтілді
numan kutrulmuş.jpg

Вице-премьер Нуман Куртулмуш PKK секілді террор ұйымының есірткі сататын қылмыстық топтармен бірге қозғалатынын айтты.

Нуман Куртулмуш «26 маусым Халықаралық Есірткі қолдану және сатумен күрес күніне» орай Жасыл Айдың Стамбулдағы жиналысында сөз сөйледі.

Бағдарлама орыс фотографтың есірткі қолданған бір отбасының бес жыл бойы түсірілген суреттерінен тұратын көрменің ашылуымен басталды.

Куртулмуш «Есірткімен күрес сонымен бірге терроризммен күрестің бір бөлшегі» деді.

Сөйлеген сөзінде нарко-террордың маңызын атап көрсеткен вице-премьер: «БҰҰ, Europol және Халықаралық есірткімен күрес ұйымдарының рапорттарында террор ұйымы PKK-ның басшыларының есімдері де кездеседі. Террористтердің осы есірткі саудасының бір бөлшегі екенін білеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар