Атысты тоқтату келісімінің ішінде тұзақ бар

Түркия Сириядағы атысты тоқтату келісіміне алаңдауда.

440340
Атысты тоқтату келісімінің ішінде тұзақ бар

Түркия Сириядағы атысты тоқтату келісіміне алаңдауда.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлұ келісімнің ішінде ойын мен тұзақ бар екенін айтты.

Келісімге көз жібергенде тұзақтың дереу байқалғанын түсіндірген Давутоғлұ «Оппозиционерлер Сирия режиміне, Ресей және Иранға шабуыл жасамайды. Ондай болса оппозиционерлерге шабуыл жасамаудың кепілдігі қайда?» деп атысты тоқтату келісіміне наразылық көрсетті.

ДАИШ-тің және Нусра шебінің атысты тоқтату келісімі көлемінің сыртында қалғанын түсіндірген Давутоғлұ «Ресей әслінде Нусраны сылтау етіп Халебті бомбалауда. Сондықтан келісімнің ішінде тұзақ бар. Өкінішке орай бұл Ресейдің тұзағы» деді.

Президент аппаратының баспасөз хатшысы Ибрахим Калын болса жалғасқан шабуылға назар аударып «алаңдаудамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар