Ресей табиғи газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдай бастады

Салтанатты шараға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей президенті Владимир Путин және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

2047828
Ресей табиғи газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдай бастады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында «Орта Азия – Орталық» магистральді газ құбырымен Ресейдің табиғи газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдау жобасын іске қосу рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Мемлекет басшысымен қатар Ресей президенті Владимир Путин және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бұл тарихи оқиға Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның энергетика саласындағы стратегиялық ынтымақтастығын мүлде жаңа деңгейге көтеретінін және елдер арасындағы тату көршілік қатынастар жылнамасының тағы бір жарқын бетін ашатынын атап өтті.

Рәсімде сөз сөйлеген Путин тасымалдаудың үш ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсетініне тоқталып: «Елдеріміздің стратегиялық серіктестігі жалғасын тауып, одан әрі дамып, халқымызға нақты пайда әкелітініне  сенемін» деді.  

Мирзиёев Ресей және Қазақстанмен мұнай және табиғи газ саласында ынтымақтастықты кеңейтуді қалайтындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар