Қырғызстан Түркиядаен барған дәрігерлерді марапаттады

Қырғызстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымкадыр Бейшеналиев бауыр трансплантациясы операциясына қатысқан Инөнү университетінің дәрігерлерін марапаттады.

2152301
Қырғызстан Түркиядаен барған дәрігерлерді марапаттады

Қырғызстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымкадыр Бейшеналиев ел астанасы Бішкектегі Қырғыз-ТИнүрік достығы мемлекеттік ауруханасында алғаш рет жасалған бауыр трансплантациясы операциясына қатысқан Инөнү университетінің дәрігерлерін марапаттады.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Денсаулық сақтау әлеуметтік даму министрі Алымкадыр Бейшеналиев Инөнү университетінің Тұрғыт Өзал медициналық орталығы бауыр трансплантациясы институтынан Бішкекке барып, бауыр трансплантациясы операциясына қатысқан медициналық делегациямен кездесті.

Бейшеналиев, Бауыр трансплантациясы институты директорының орынбасары дәрігер Волкан Инжеге, жалпы хирург  Кемал Барыш Сарыжыға, анестезиолог Дуйгу Демирозға, медбикелер Эмине Эрик және Эже Таштанға Министрліктің Денсаулық сақтау саласының үздігі медалін табыс етті.

Бауыр трансплантациясы бойынша үлкен тәжірибесі бар түрік мамандарымен ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталған Бейшеналиев түрік дәрігерлеріне алғысын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар