Қазақстан атом энергиясын өндіру бойынша тағы бір жобаны бастады

«Қазатомөнеркәсіп» Түркістан облысындағы жаңа учаскеде уран өндіретін болды.

2152733
Қазақстан атом энергиясын өндіру бойынша тағы бір жобаны бастады

Қазақстанның ұлттық ядролық компаниясы «Қазатомөнеркәсіп» Түркістанда уран өндіруді бастады.

Қазақстанның ұлттық ядролық компаниясы «Қазатомөнеркәсіп» өзінің ресми сайтында жасаған мәлімдемесінде еліміздің оңтүстігіндегі Инкай кенішінің №3 учаскесінде уран өндіруді бастайтынын хабарлады.

Инкай кен орны Қазақстанның Түркістан облысында орналасқаны айтылған мәлімдемеде компанияның уран өндіруді бастау үшін Қазақстанның Энергетика министрлігімен келісімшартқа отырғаны айтылған.

Келісімшарт аясында төрт жыл ішінде 701 тонна уран өндіру көзделген.

Түркістан облысының Созақ ауданында орналасқан Иңқай кен орны Қазақстандағы ең бай уран ресурстарының бірі болып табылады. Қарастырылып отырған №3 учаскесінде де 83,1 мың тонна уран бар деп бағаланады.

Компанияның ресми сайтындағы мәліметтерге сәйкес, «Қазатомөнеркәсіп» еншілес, тәуелді, бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріккен 26 кен орнын игеріп жатыр. Олардың бәрі Қазақстан аумағында орналасқан.



Ұқсас жаңалықтар