Қазақстан Құрбан айтқа дайын

​​​​​​​Қазақстанның Бас мүфтиі Құрбан айтта жиналған етті су тасқынынан зардап шеккендерге, қарттар үйлеріне және мұқтаж жандарға жеткізеді.

2152711
Қазақстан Құрбан айтқа дайын

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти мүфти Наурызбай Хажы Тағанұлының қатысуымен Құрбан мейрамына байланысты баспасөз мәслихатын өткізді.

Құрбан айттың бірінші күні 16 маусымда басталатынын жариялаған Бас мүфти Наурызбай Хажы Тағанұлы мерекенің Қазақстан мен Ислам әлеміндегі маңыздылығына назар аударды.

Бас мүфти  Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерден Құрбан айтта мал бағасын қолдан көтермеуді сұрады.

Мәлімдемеде өткен жылы өткізілген «Раббымыз үшін құрбан шал» акциясы аясында 1104 тонна құрбандық етінің 123594 отбасына, мүгедек азаматтарға, ауруханалар мен қарттар үйлеріне жеткізілгені айтылды.

Бас мүфти Тағанұлы биылғы науқанда жиналған еттің су тасқынынан зардап шеккендерге, қарттар үйлеріне және басқа да мұқтаж жандарға жеткізілетінін айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар