Бауырлас екі елдің әскери жаттығуы
Жаттығу Ташкент облысында болады.
2017484
Әзербайжан және Өзбекстан бірігіп әскери жаттығу ұйымдастырады.
Бұл туралы Әзербайжан Қорғаныс министрлігі хабарлады. Хабарламада екі ел Қорғаныс министрліктерінің 2023 жылғы серіктестік жоспарына сай жаттығу жүргізілетіні білдірілді. Жаттығу Ташкент облысында болады.
«UZAZ 2023» деп аталатын жаттығуда арнайы әскери операциялар ұйымдастыру және атқару тақырыптары іске асырылады.
Жаттығуға қатысатын Әзербайжан әскерлері Өзбекстанға барып жетті.
Ұқсас жаңалықтар
Әзербайжан-Армения шекарасында қақтығыс болды
Әзербайжан Қорғаныс министрлігі тақырыпқа қатысты мәлімдеме жасады.
Қазақстан атом энергиясын өндіру бойынша тағы бір жобаны бастады
«Қазатомөнеркәсіп» Түркістан облысындағы жаңа учаскеде уран өндіретін болды.