Астанада Сирия отырысы өтті

Қазақстанның астанасында 20-шы рет өткен Сирия бойынша Астана келіссөздерінің бірлескен қорытынды мәлімдемесі жарияланды.

2002652
Астанада Сирия отырысы өтті

Түркия, Ресей және Иранның Астана отырысында Сирияға көршілес елдердің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін бөлшектеушілік күн тәртібіне бағытталған күресте табандылық танытылды.

Бұл жолы Қазақстанның астанасында 20-шы рет өткен Сирия бойынша Астана келіссөздерінің бірлескен қорытынды мәлімдемесі жарияланды.

Түркия, Ресей және Иран Сирияның солтүстік-шығысындағы PKK/YPG заңсыз өзін-өзі басқару әрекеттері мен террористік құрылымдарды қолдайтын елдердің іс-шаралары айыптады.

Астана отырысында Түркия-Сирия қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру жөніндегі консультациялардағы жол картасын дайындау барысы талқыланды.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Астанада тараптар сириялықтардың қауіпсіз, ерікті және құрметті елге оралуын қамтамасыз ету үшін Сирияда қажетті шарт жағдайдың қалыптасуы керектігі атап өтілді» деп жазылды.



Ұқсас жаңалықтар