Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Түркістанға барды

Нуман Куртулмуш «ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің орны» атты конференцияға қатысып, баяндама жасады.

2142666
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Түркістанға барды
2a51f806ae5d54633cd1a0ce91256a3c.jpeg

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Нуман Куртулмуштың Қазақстанда кеше басталған ресми сапары бүгін Түркістанда жалғасты. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Түркістанға ресми сапары барысында Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінде «ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің орны» тақырыпты конференцияға қатысып, баяндама жасады.

Конференцияда студенттер, университет қызметкері және түрік пен қазақ оқытушыларымен бас қосқан Куртулмуш Қожа Ахмет Ясауидің ғылымына, хикметіне, мұрасы мен іліміне назар аударып, әлемдегі зұлымдыққа қарсы үнсіздікті сынға алды және түрік әлемімен ынтымақтаса отырып білім мен ғылыми зерттеулердің маңыздылығына тоқталды.

Израильдің Газа секторында жасаған адамгершілікке жатпайтын қатыгездік пен геноцидке әлемнің көз жұмғанына тоқталған Куртулмуш жалғасып жатқан Украина-Ресей дағдарысы үшін ешқандай шешім шығарылмағанына назар аударды.

Куртулмуш Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі табыстарына да тоқталып, түрік әлемінің ынтымақтастығында университеттермен бірге ғылыми жобалар әзірлеудің маңызды екенін мәлімдеді.

Алқалы жиын соңында Нуман Куртулмушқа Өкілетті Кеңес төрағасы Мұхиттин Шимшек пен ректор Жанар Темірбекова университет атынан сый-сияпаттар табыстап, иығына шапан жауып қонақжайлықтың үлгісін көрсетті. Сондай-ақ дәстүр бойынша Мәжіліс төрағасы университеттің жасыл алаңына ағаштар отырғызды.

Конференцияның артынан Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Түркістан бағдарламасы аясында Арыстан-Баб пен Қожа Ахмет Ясауи бабалардың кесенелеріне барып, дұға оқыды.

Түркістан бағдарламасы аясында Куртулмушқа қоса Түркия-Қазақстан Парламентаралық Достық тобы төрағасы және Шанлыурфа депутаты Мехмет Али Джевхери, Түркия Өзбекстан Парламентаралық достық тобы төрағасы, Бурса депутаты Осман Местен, Ұлтшыл қозғалыс партиясы төрағасының орынбасары, Маниса депутаты Еркан Акчай, Республикашыл халық партиясының Артвин депутаты Угур Байрактутан, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Түркияның Қазақстандағы елшісі Мұстафа Капуджу және Қазақстан Парламенті Қазақстан-Түркия достық тобының төрағасы Нұртай Сабильянов жиынға қатысты.



Ұқсас жаңалықтар