Димаш Құдайберген Стамбулда ән шырқады

Димаш Құдайберген қазақ, орыс, мандарин, ағылшын, француз, итальян, украин, түрік, серб, қырғыз, неміс, испан тілдерінде ән шырқады.

2144091
Димаш Құдайберген Стамбулда ән шырқады
dimash istanbul konser1.jpg
dimash istanbul konser.jpg

Қазақстанның халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген Стамбулда жанкүйерлерімен кездесті.

Әйгілі өнерпаз Димаш Құдайберген концертте өзінің танымал әндерін айтты.

Күні кеше 30 жасқа толған Құдайберген 15 жасынан ұстазы болған Марат Әйтімовпен сахнада ақ тілектерін айтып, туған күнін атап өтті.

Құдайберген жалғыз тілегінің  соғыссыз әлем екенін айтып, «Айырмашылығымыз қиындық тудырмайды. Бір аспанның астында өмір сүріп жатырмыз. Бәрімізді бір Алла жаратты. Соғыссыз дүние тілеймін. Балалар жыламасын. Бір-бірімізді құрметтейік және бір-бірімізді сүйейік» деді.

Стамбулда өнер көрсетуден қатты риза болғанын айтқан Құдайберген осы концертке себепкер болған жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

Өнер жолында 2 студиялық альбом, 40 сингл жаздырған Құдайберген қазақ, орыс, мандарин, ағылшын, француз, итальян, украин, түрік, серб, қырғыз, неміс, испан тілдерінде ән шырқады.



Ұқсас жаңалықтар