Қазақстан үкіметі су тасқынындағы шығындарға байланысты бірқатар жұмыс істеді

Қазақстанда су тасқынынан үйлері қирап қалған 356 отбасына жаңа үйлер мен пәтерлер берілді.

2143843
Қазақстан үкіметі су тасқынындағы шығындарға байланысты  бірқатар жұмыс істеді

Қазақстанда су тасқынынан үйлері қирап қалған 356 отбасына жаңа үйлер мен пәтерлер берілді. үкіметтің баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда 29 мың 625 отбасына 10,7 миллиард теңге (24,6 миллион доллар) біржолғы жәрдемақы аударылды.

Су тасқынынан зардап шеккен аудандардағы 8863 үйге келтірілген залал есептелді. 356 отбасы жаңа баспаналарын тауып, 1472 үйдің құрылысы жалғасуда. 1389 үйді жөндеуге 5,2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. 3804 отбасы 657 миллион теңгені (1,5 миллион доллар) құрайтын материалдық төлемақы алды. Қырылған жануарлар үшін төлем 1,6 миллиард теңгені (3,6 миллион доллар) құрады.

Ал, елдегі су тасқынын болжау және алдын алу мақсатында су туралы заң мен бірқатар стратегиялық мемлекеттік бағдарламалар қайта қаралады.

Сондай-ақ өзендегі бақылауларды жақсарту мақсатында өлшеу бекеттерінің саны көбейтілетіні айтылды. Су басу қаупі бар аймақтарда және трансшекаралық өзендерде орнатылатын 377 өлшеу бекетіне 139 жаңа станция қосылады.



Ұқсас жаңалықтар