Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Ташкентке барды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Ташкентте Заң шығару Мәжілісі төрағасы Нурдинджан Исмаиловпен бас қосты.

2142993
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Ташкентке барды

ТҰҰМ төрағасы Нуман Куртулмуш ресми сапармен барған Қазақстанның артынан Өзбекстанның бас қаласы Ташкентке өтті.

ТҰҰМ төрағасы Нуман Куртулмуш Ташкентте Өзбекстан Жоғарғы Мәжілісінің Заң шығару Мәжілісі төрағасы Нурдинджан Исмаиловпен бас қосты.

Кездесуде Нуман Куртулмуш Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев басшылығында бір реформалық үдеріс басталғанын, мұны жоғары бағалағандарын, бұл кезеңнің ғылым, өнер, әдебиет және мәдениетте үлкен серпіліс болатынына үмітті екендерін атап көрсетті.

Түркия мен Өзбекстан арасында «ерекше» деп сипаттауға болатын қарым-қатынастар бар екенін айтқан Куртулмуш екі ел басшыларының өзара сауда көлемін 10 миллиард долларға жеткізу мақсатына жетуге болатынын білдірді.

Түрік әлемі ретінде Орталық Азиядан Анадолы мен Балқанға дейін созылған географияда қарым-қатынастарды, достық пен бауырластықты нығайту қажет екенін атап айтқан Куртулмуш мұның әлем тыныштығын қамтамасыз ету үшін тамаша мүмкіндік тапқанына назар аударды.

Түркия мен Өзбекстан арасындағы тығыз ынтымақтастықты арттырып, түрік әлемінің дамуына үлес қосатындарын білдірген Куртулмуш үкіметаралық ынтымақтастықты дамыту үшін парламентаралық бастамаларға мән беретіндерін айтты.

Көп жақты қарым-қатынастарда ортақ әрекет етудің маңыздылығына назар аударған Куртулмуш Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Түркі мемлекеттері ұйымына бақылаушы ел мәртебесімен қосылуын қамтамасыз ету үшін Өзбекстан Али Мәжілісінің қолдауын күткендерін білдірді.

Өзбекстан Али Мәжілісі Заң шығару Мәжілісінің төрағасы Исмаилов Түркия мен Өзбекстанның әр салада ынтымақтастықтың жылдан-жылға артып келе жатқанына қуанышты екенін және қарым-қатынастарды дамытуда парламенттердің ынтымақтастығына да мән беретіндерін жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар