Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Иранға барды
Ресми шақырумен Тегеранға барған Мирзиеев Реисимен кездесті.
Иран президенті Ибрахим Реиси мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің қатысуымен Тегеранда екі ел арасында әртүрлі салада өзара ынтымақтастық туралы 11 құжатқа қол қойылды.
Ресми шақырумен Тегеранға барған Мирзиеев Реисимен кездесті.
Делегация аралық кездесудің артынан екі елдің лауазымдылары сауда, жүк тасымалы мен транзит, дәрі-дәрмек, технология, ауыл шаруашылығы және ортақ еркін аймақтар құру сияқты салаларда өзара ынтымақтастық туралы 11 құжатқа қол қойды.
Мирзиеев басшылық жасаған делегация Иран басшысы Хаменеймен де бас қосты.
Иран басшысы екі ел арасында ұзақ уақыттан кейін қарым-қатынастардың қайта жанданғанына риза екенін білдірді.
Өзбекстаннан Иранға президент деңгейінде соңғы іс-сапар шамамен 20 жыл бұрын Ислам Каримов тарапынан жасалған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Әзербайжан-Армения шекарасында қақтығыс болды
Әзербайжан Қорғаныс министрлігі тақырыпқа қатысты мәлімдеме жасады.
Қазақстан атом энергиясын өндіру бойынша тағы бір жобаны бастады
«Қазатомөнеркәсіп» Түркістан облысындағы жаңа учаскеде уран өндіретін болды.