Түрік диаспорасы үшін байқау

Шарттар туралы кеңірек мағлұматты www.ytb.gov.tr парақшасынан табуға болады.

1409415
Түрік диаспорасы үшін байқау

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы он жылдық мерейтойына орай “Түрік диаспорасы Медиа сыйлықтары” байқауын өткізеді. 

Осы байқау арқылы шетелде медиа саласына қызығушылық танытқан жас қабілеттерді тауып,  шынайы және сапалы туындылар жұртшылыққа таныстырылады. 

Шетелде өмір сүретін және сол елде кемінде жеті жыл тұрған, 18-45 жас арасындағы түрік азаматтар байқауға қатыса алады. Қатысушылар қажетті құжаттарды 17 тамыз күніне дейін başvuru.ytb.gov.tr адресіне жолдауы керек. 

Шарттар туралы кеңірек мағлұматты www.ytb.gov.tr парақшасынан табуға болады. 

Байқауда барлық категорияларда алғашқы ондыққа енетін елу кандидатқа Диаспора Медиа академиясына тегін жазылу мүмкіндігі беріледі. 

Қысқа метражды фильм категориясында бірінші орынға 25 мың Түрік лирасы,  сценарий 15 мың Түрік лирасы, жаңалық, жаңа медиа және фотосурет категорияларында 10 мың Түрік лирасы жүлде табыс етіледі. 

Байқауда екінші және үшінші орын алғандар да ақшалай марапаттандырылады.



Ұқсас жаңалықтар