Қазақстаннан маңызды шақыру

Қазақстан Газа тақырыбында шара қолдануға шақырды.

972904
Қазақстаннан маңызды шақыру

Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров халықаралық қоғамды Газада көптеген адамның өліміне жол ашқан қақтығыстың тез арада тоқтатылуы үшін ауқымды шара қолдануға шақырды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің хабарламасына қарағанда,  Омаров БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Палестина арнайы отырысында сөйлеген сөзінде Газа шекарасындағы палестиналықтардың шеруінің бастылуы барысында болған қырғын хабарларына алаңдағандарын білдіріп: «Қазақстан халықаралық қоғамды қақтығыстардың тез арада тоқтатылуы үшін ауқымды шара қолдануға шақырады» деді.

Тараптардың келіспеушілікті асқындыратын әрекеттерден аулақ болу үшін сабырлы болуға шақырған Омаров халықаралық келісімдерге сай Иерусалимнің тарихи мәртебесін сақтап қалуы қажет екенін айтты.

Омаров Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарларына тәуелді екенін және аймақтағы жағдайдың саяси әдіспен шешілуін қолдайтынын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар