Астанада жаңа мешіт ашылады

Елбасы мешітте тексеру жүргізді.

963232
Астанада жаңа мешіт ашылады

Қасиетті рамазан айының басталуына бірнеше күн қалғанда Қазақстанның елордасы Астанада қалаға көркемдігімен ерекше сән беретін бір мешіттің құрылысы аяқталып қалды.

Құрылысы 2016 жылы басталған, Рамазан айының алғашқы күндерінде ғибадатқа ашылуы жоспарланған мешітте елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тексеру жүргізді.

Жаңа мешіт қайырымдылық мақсатпен жиналған қаражат есебінен тұрғызылды.

Астананың тап ортасынан өтетін Есіл өзенінің жағасында орналасқан мешіттің сәулеті постмодерн үлгіде. Сонымен қатар ұлттық нақыштар да қолданылған. Қабырғалары үшбұрыштана сүйірленіп, диаметрі 26 метрлік күмбезбен жалғасқан. Мешіттің сыртқы дизайны гүлді, әрі алмастың қырларын еске салады.

Мешіттің «қалам» – «қасиетті қауырсын» түрінде бой көтерген мұнарасының биіктігі – 43,5 метр.

Жаңа мешітті энергия қуатымен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын баламалы энергия көздері қажетті мөлшерден үш есе көп электр қуатын өндіреді. Жаңа мешіт 750 адамға лайықталған.



Ұқсас жаңалықтар