Астана процесінің келесі туры кейінге қалдырылды

Тақырыппен байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов мәлімдеме жасады.

794435
Астана процесінің келесі туры кейінге қалдырылды

Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов Түркия, Ресей және Иран арасында Астанада жүзеге асатын Сирия келіссөздерінің тамыз айындағы отырысының қыркүйек айына қалдырылғанын атап көрсетті.

Астана келіссөздеріне қонақжайлық жасаған Қазақстанның Сыртқы істер министрі «Ресейден келген ақпаратқа қарағанда кепілдік берген Ресей, Түркия және Иран үштігі тамыз айы соңынан бұрын келесі Астана процесінің күні мен мазмұны жайлы келісетіндері техникалық бір кездесуді жоспарлайды» деді.

Астана келіссөздерінің 5-ші туры 4-5 шілде күндерінде жүзеге асып, кепілдік берген мемлекеттер Сирияда «4 дағдарысты азайту аймағын» құру тақырыбында келіскен болатын.



Ұқсас жаңалықтар