Астана процесі жалғасын табады

Қазақстан ертең Астанада басталатын екі күндік Сирия келіссөзіне барлық тараптардың қатысатынын білдірді.

723867
Астана процесі жалғасын табады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ертең Астанада басталатын екі күндік Сирия келіссөзіне барлық тараптардың қатысатынын білдірді.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов Анадолы агенттігі тілшісіне мәлімдеме жасап, «Астанадағы халықаралық Сирия келіссөзіне Мұхаммед Аллуш басшылығындағы Сирия қарулы оппозиция өкілдері де бар барлық тарап қатысатындарын бекітті» деді.

Жайнақов 3-4 мамыр күндерінде болатын жоғары деңгейдегі жиналыс қарсаңында бүгін кепілгер елдер Ресей, Түркия және Иран арасында техникалық жиналыс болатынын айтты.

6 жылдан астам уақыттан бері жалғасып келе жатқан Сирия дағдарысына саяси шешім үшін жүргізілген Астана процесі қаңтар айында басталып, артынан тағы екі рет бас қосқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар