Әзірбайжан армиясы Арменияның пилотсыз ұшу аппаратын құлатты

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі майдан желісінде Армения армиясының атысты тоқтатуды 51 рет бұзғанын мәлімдеді.

656822
Әзірбайжан армиясы Арменияның пилотсыз ұшу аппаратын құлатты

Әзірбайжан армиясы Арменияға тиесілі пилотсыз ұшу аппаратын құлатты.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Әзірбайжан-Армения майдан желісі Товуз аймағында Әзірбайжан бекіністері үстінде ұшқан Арменияның пилотсыз ұшу аппаратының құлатылып, жойылғаны білдірілді.

Министрліктен жасалған мәлімдемеде Армения армиясының соңғы 24 сағаттың ішінде майдан желісінің әртүрлі бағытынан пулеметтер арқылы 51 рет атысты тоқтату бітімін бұзғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар