Сирия келіссөздеріне қатысатын делегациялар Астанада

Астана процесі делегаттардың қатысуымен басталды.

657025
Сирия келіссөздеріне қатысатын делегациялар Астанада
abdrahmanov suriye rejim ve muhalefet.jpg

Сирияда ішкі соғысты тоқтату мақсатты әскери оппозиция, Башар Асад режимі, Түркия, Ресей, Иран және Америка Құрама Штаттарының қатысуымен Қазақстанның елордасы Астанада келіссөз процесі жалғасуда.

Түркия мен Ресейдің басшылығымен ұйымдастырылған және тығыз бір дайындық кезеңінің артынан жүзеге асқан жиналыста оппозиция атынан 14 адамнан тұратын әскери бір делегация үстелде орын алады.

Астанаға барған бірақ жиналысқа қатыспаған шамамен 40 адамнан тұратын кеңес тобы болса делегацияға қолдау беруде.

Жиналысқа Сирия, Түркия, Ресей, Иран, АҚШ және БҰҰ бас хатшысының Сирия арнайы өкілі Стаффан де Мистура қатысуда.

Түркия атынан Сыртқы істер министрлігі кеңесші орынбасары Седат Өнал, Иран атынан сыртқы істер министрі орынбасары Хүсейин Джабири Энсари өкілдік жасаған жиналыста АҚШ делегациясына Астанадағы АҚШ өкілетті және төтенше елшісі Джордж Крол басшылық жасайды.

 Ресей атынан болса президент Владимир Путиннің Сирия арнайы өкілі Александр Лаврентьев пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов келіссөздерде орын алады.



Ұқсас жаңалықтар