Каспий Мұнай және табиғи газ конференциясы

TANAP Түркияның Ресейге деген табиғи газ тәуелділігін азайтуға көмектеседі.

502927
Каспий Мұнай және табиғи газ конференциясы

Әзірбайжанның Энергия министрі Натик Алиев Транс Анадолы табиғи газ желісінің (TANAP) Түркияның Ресейге деген табиғи газ тәуелділігін азайтуға көмектесетінін айтты.

Алиев Бакуде өткен 23-ші Каспий мұнай және табиғи газ конференциясында елінің энергия саласындағы жобалары жөнінде баяндады.

Әзірбайжан табиғи газын Еуропаға жеткізетін оңтүстік газ дәлізінің бір сатысы болып табылатын TANAP жобасына тоқталған Алиев: «TANAP аймақтық және Еуропа энергия қауіпсіздігінің кепілі болғандықтан маңызды.  Осы желі арқылы айдалатын қосымша 6 миллиард текше метр табиғи газ Түркияның Ресейге тәуелділігінің азайтылуына көмектеседі.  Айырықша осы табиғи газ орыс және Иран газынан арзан болады» деді.

Өте мықты және ауқымды газ дәлізін қалыптастыруды нысанаға алғандарын тілге тиек еткен Алиев болашақта Түрікменстан және Қазақстанның да осы желі арқылы өз табиғи газдарын Еуропаға айдай алатындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар