Наурыз мерекесі Канадада да тойланды

Канада Орталық Азия Халықаралық достық қоғамы Монреальде Наурызды атап көтті.

287889
Наурыз мерекесі Канадада да тойланды

Наурыз мерекесі Канадада да тойланды.


Канада Орталық Азия Халықаралық достық қоғамы Монреальде Наурызды атап көтті.


Мерекелік шараға Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркиядан азаматтар қатысты. Түркияның Оттавадағы өкілетті елшісі Селчук Үнал, Quebec штаты Көп мәдениеттілік министрі Кэтлин Виел, Федералдық депутат Мария Мурани, штат депутаты Мария Монтпетит пен Quebec штаты Көп мәдениеттілік, Қоршаған орта және Мәдениет министрліктерінен өкілдер де қатысты.


Өкілетті елші Селчук Үнал мерекеде сөйлеген сөзінде «Осы күнді кең пейілділік, сүйіспеншілік, бірлік, бейбітшілік пен бауырластықтың символы ретінде тойлаймыз. Наурыз мерекесі құтты болсын» деді.


Мерекелік шарада бауырлас елдердің билері биленіп, әндері шырқалды. Наурызға келген қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар