Түрік қорғаныс өнеркәсібі өнімдері Түрікменстанда
Түрік қорғаныс өнеркәсібі өнімдері бұл жолы Түрікменстанда өзін көрсетті.
Түркіменстан Қарулы Күштерінің бөлімшелері кәсіби шеберліктерін шыңдау және ұлттық армияның соғысқа дайындығын тексеру мақсатында Балқан провинциясында әскери жаттығулар өткізді.
Жаттығуда «Кирпи» көліктерінің даладағы табыстары Түркиядан жеткізілген «TB2 Bayraktar» және «Denizhan» атты корветтермен сыналды.
Түркиядан келген ұшқышсыз әуе аппараттардың әуе кеңістігіндегі табыстары анықталса, «Denizhan» атты корветтің ату мүмкіндіктері зерттелді.
«Кирпи» көлігі қатал жағдайларда, әсіресе шөлді және таулы аймақтарда сәтті сынақтан өткені атап өтілді.
Балқан провинциясындағы Әскери-теңіз оқу-жаттығу орталығында өткен оқу-жаттығуға мемлекет басшысы және Қарулы Күштердің бас қолбасшысы Сердар Бердімұхамедов те қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған мен Әлиев Анкарада бас қосты
Кездесуде Израильдің Газа секторына жасаған қырғынынан бастап көптеген тақырып талқыланды.
Ильхам Әлиев Түркияға жұмыс сапарымен келді
Ильхам Әлиев президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен бүгін Түркияға жұмыс сапарымен келді.