Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2065542
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Министр Хакан Фидан батыс елдерін сынға тартты» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мәлімдемесінде Израильдің Газаға жасаған шабуылдарына тағы да қатал наразылық білдірді. Газадағы заңсыз қоршау мен адамгершілікке жатпайтын шабуылдардың әлі де жалғасуы аянышты оқиға» деді. Министр Фидан: «Одан да сорақысы батыс елдерінің қатыгездік алдында үнсіз қалуы» деді.

Хабер Түрік газеті: «Челик Израиль лауазымдыларының президент Ердоғанға қатысты мәлімдемелеріне наразылық көрсеті» атты хабар жариялаған. Әділет және даму партиясы баспасөз хатшысы Өмер Челик Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Израиль Сыртқы істер министрі Эли Коэннің президент Режеп Тайып Ердоғанға қатысты мәлімдемелері жайлы «Қанды қол Израиль әкімшілігі өзі істеген қылмыстарын жасыруға тырысудыа» деді.

Хүрриет газеті: «Министр Гүлер 1868 террористтің залалсыздандырылғанын жариялады» деген хабарға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер биылғы жылдың басынан бері ішкі және шекаралық операцияларда 1868 террористтің залалсыздандырылғанын мәлімдеді.

Отан газеті «Министр Уралоғлу: Зенгезур үшін Әзербайжанмен өте тығыз жұмыс істеп жатырмыз» атты хабар жариялаған. Әзербайжанда өткен «Түркі мемлекеттері ұйымы Көлік министрлерінің жиналысында» сөз сөйлеген Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу барлық елдерге пайда әкелетін Зәнгезур дәлізіне байланысты жұмыстардың тезірек  аяқталуы үшін Әзербайжанмен өте тығыз жұмыс істеп жатқандарын айтты.

Стар газеті « Түрік Әуе жолдары АҚШ-тың тағы бір қаласына тікелей рейстерін бастады» деген хабарға орын берген. Түрік Әуе жолдары Стамбул әуежайынан «Детройт Метрополитен Уэйн округі» әуежайына тікелей рейс ашу арқылы Америка Құрама Штаттарындағы  13-ші рейс түйініне жетті.



Ұқсас жаңалықтар