Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2151461
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Президент Ердоған Әлиевпен бас қосты» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Gрезидент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен кеше Түркияға жұмыс сапарымен барды. Президенттік сарайда бас қосқан екі басшының кездесуінде Түркия мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастар, Израильдің Газа секторындағы шабуылдары, басқыншылық астында азат етілген Әзербайжан жеріндегі құрылыс жұмыстары, аймақтық және жаһандық мәселелер күн тәртібінде болды.

Хүррийет газеті «Біз террор дәлізінің құрылуына жол бермейміз» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер кеше жасаған мәлімдемесінде «Түрік Қарулы күштері террор ұйымның оңтүстік шекарасынан тыс жерде террор дәлізін құруға ешқашан рұқсат бермейді» деді.

Сабах газеті «Фидан әзербайжандық әріптесімен сөйлесті» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан кеше Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында өзара және аймақтық мәселелерді талқыланды.

Стар газеті «Қаратеңіздің шығысынан түрік лосось экспорты жылдың алғашқы 5 айында 45 пайызға артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қаратеңіздің шығыс аймағынан түрік лосось экспорты қаңтар-мамыр айлары аралығында жылдық есеппен 45 пайыз артып, 67 миллион 125 мың 19 долларға жетті. Ең көп экспорт жасаған үш ел Ресей Федерациясы, Вьетнам және Беларусь болды.

Ватан газеті «Жұмыссыздық көрсеткіштері жарияланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Статистика мекемесі сәуір айындағы жұмыс күші статистикасын жариялады. Осыған сәйкес Түркиядағы жұмыссыздар саны сәуір айында алдыңғы аймен салыстырғанда 18 мың адамға азайып, 3 миллион 42 мың адамға жетті.



Ұқсас жаңалықтар