Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2151997
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті « Фидан: БРИКС-пен  ынтымақтастығымызға көңіл бөлеміз» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ресейде өткен  БРИКС саммитінде  сөйлеген сөзінде «Президент Ердоғанның «Әлем бестен үлкен» ұраны аясында Түркия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі және Біріккен Ұлттар Ұйымымен қатар басқа да көпжақты ұйымдар да  реформалар жасау үшін күш салуда. Осы тұрғыда біз БРИКС-пен ынтымақтастығымызға көңіл бөлеміз. БРИКС аясындағы әртүрлілік даму мен тұрақтылықты арттырудың маңызды құралы деп санаймыз» деді.

Хабер Түрік газеті «Түркияның 2-ші ғарышкері Атасевер елге оралды» атты хабар жариялаған. Түрік ғарыштық ғылым миссиясы аясында Суборбитальды зерттеу ұшуын орындаған Түркияның екінші ғарышкері Тува Джихангир Атасевер Түркияға оралды. Атасевер өз тәжірибесін жастармен бөлісуді асыға күтетінін айтты.

Ватан газеті «Француз ақпарат құралдары THY үшін мақтау айтты» деген хабарға орын берген. Францияда шығатын «Le Monde» газеті Түрік Әуе жолдарының бәсекелестерді ынтыландыру  тудыратын нәтижелерге қол жеткізіп, жаһандық авиация саласында маңызды актер болғанын жазды.

Сабах газеті «Министр Шимшек Дүниежүзілік банк тобының төрағасымен кездесті» атты хабар жариялады. Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек кеше Дүниежүзілік банк тобы төрағасы Бангамен кездесті. Кездесу барысында Дүниежүзілік банк пен Түркия арасындағы 2024-2028 қаржы жылдарын қамтитын қаржылық және техникалық ынтымақтастықтың негізін құрайтын «Елдік ынтымақтастық шеңбері» талқыланды.

Хүрриет газеті «Министр Уралоғлу: Мамыр айында әуежайларда 20 миллион жолаушыға қызмет көрсетілді» деген хабарға орын берген. Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу кеше жасаған жазбаша мәлімдемесінде «Мамыр айында әуежайларда 20 миллион 230 мың 573 жолаушыға қызмет көрсетілді. Қаңтар-мамыр кезеңінде 82 миллион 109 мың 667 жолаушы әуе компаниясын пайдаланды» деді.



Ұқсас жаңалықтар