Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2152431
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған Испания королі VI Фелипемен бас қосты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия-Испания 8-ші үкіметаралық саммиті аясында барған Испанияда Король VI Фелипемен бас қосты. Кездесуде Түркия мен Испания арасындағы қарым-қатынастар, Израильдің Газа секторындағы қырғындары, аймақтық және жаһандық оқиғалар талқыланды.

Стар газеті «Ердоған: Израильге қысымды күшейту керек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Испанияда король VI Фелипемен бас қосқан президент Ердоған Израиль әкімшілігінің Палестина жерлеріндегі «геноцид» саясатының тез арада аяқталу керектігін атап көрсетті. Ердоған халықаралық қауымдастықтың Израильге қысымын арттыруының аймақта тұрақты бейбітшілікке жол ашатынын мәлімдеді.

Йени шафак газеті «АҚШ-тан Түркияға бітімгерлік ұсынысы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Америка Құрама Штаттарының Түркиядағы елшісі Джефф Флейк елінің Израильмен атысты тоқтату келіссөздерінде Түркияның араша болуын қалағанын білдірді. АҚШ елшісі елінің Түркияның Палестинаның Азаттық қозғалысы «Хамас» басшылығына кейбір хабарламаларды жеткізуін сұрағанын атап көрсетті.

Хабер түрік газеті «ТӘЖ Денверге рейстерін бастады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түрік Әуе жолдары (ТӘЖ) АҚШ-тағы рейстерінің 14-ші бағыты ретінде Денверді қосты. Стамбулдан аптасына 3 рейс ұшатыны, 9 шілде күнінен бастап аптасына 4 рейске шығатыны білдірілді.

Cабах газеті «Түркия «Үлкен жиырмалық» елдері арасында бірінші орында» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Үлкен жиырмалық елдерінің» биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы экономикалық өсімі орта есеппен 0,9 пайыз болса, Түркия бұл кезеңде 2,4 пайызбен «Үлкен жиырмалық елдері» арасында ең жоғары экономикалық өсімге қол жеткізген ел атанды.



Ұқсас жаңалықтар